Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ел алғысын арқалағандар. Нариман Құрбанов пен Әбиба Әбужақыноваға темір тұлпар тарту етілді

17:49, 16 тамыз 2024 1185

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа қазақстандық Allur автокөлік компаниясы темір тұлпар мінгізді. Ал белгілі белдесуші Әбиба Әбужақыноваға Атыраулық кәсіпкер көлік тарту етті, деп хабарлайды, Alash.KZ ұлттық порталы.

Нариман Құрбановқа қазақстандық Allur автокөлік компаниясының басшылары оған Skoda Kodiaq көлігін сыйлаған.

«Нариманды қолдай алғанымызға қуанамыз. Бұл көлік оның жаңа белестерге жетер жолда сенімді серігі болады деген үміттеміз»-дейді Allur компаниясының өкілі Станислав О-Юн-Бем.

Гимнаст Нариман Құрбанов алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

«Отандық компания жеңісімді осылай бағалағанына ризамын. Бұл сыйлық мені әрі қарай дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады»,-деді спортшы.

Сонымен қатар атыраулық кәсіпкерлер де Әбиба Әбужақыноваға тұлпар тарту етті.

Спортқы көпшілік пен облыс әкіміне алғыс айтты:

Жығылғанда жанымнан табылған жанашырлар, бәріңізге рахмет 🫶🏻

Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлы мырзаға,
Infinity mall ‘компаниясына, атыраулық
жанашыр-жанкүйерлеріме көп рахмет айтамын!

Мейіржан Есмағамбетов бапкерім спорт мансабымда өзіңіздің орныңыз ерекше. Жеңісте де, жеңілісте де қасымнан табылып, мені бар құрметке лайық көргеніңізге рахмет! @merzhan06_

Осындай қолдаудан кейін менің сынуға, жеңілуге, налуға және күреспеуге құқығым жоқ деп ойлаймын!
Мен әлі-ақ жарқ етемін!  - деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар