Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ел алдындағы үлкен жауапкершілік»: Жұмабек Жанықұлов жаңа лауазымға ие болды

20:17, 22 қыркүйек 2026

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов Халық Кеңесінің мүшесі атанды.

«Президент Жарлығымен бекітілген Халық Кеңесінің алғашқы құрамында болуды ең алдымен ел алдындағы үлкен жауапкершілік деп қабылдаймын.

Кәсіпкер және қоғам қайраткері ретінде жинаған бар тәжірибем мен білімімді Қазақстан халқына қызмет етуге, еліміздің дамуына нақты үлес қосуға жұмсауға дайынмын.

Халық Кеңесінде «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының атынан өкілдік ету мен үшін үлкен міндет.

Ең бастысы халықтың үнін естіп, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогқа, нақты шешімдерге өз үлесімізді қосу», – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар