Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Эксклюзив: Нүкенова қайтыс болған мейрамхана қызметкерлерінің телефоны тексерілді

10:37, 09 сәуір 2024 810

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты айыпталушы Бишімбаевтың сот отырысы жалғасып жатыр. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында онлайн трансляция жүргізілуде, деп хабарлайды Alash.kz.

Бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың өз мейрамханасының қызметкерлерінің арасында жазысқан хаттары оқылды.

Мейрамхана қызметкері Данияр Мейірбеков Қарлығаш атты адаммен хат алмасқаны анықталып, не жазылғаны сот барысында баршаға аян болады. 

Bau мейрамханасында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыдан жауап алу кезінде Салтанат өлтірілген түні оның мейрамхана әкімшісімен хат-хабары оқылды. Таңғы 6.35-те ол орындалған жұмыстардың суретін жіберіп, былай жазған:

«Жұмыстың екінші бөлігін істетпеді, Қуандық ойран салып жатыр». 

Сағат 6.57-де :

«Вип-каны бас аяғынан төңкеріп тастады, әйелі тірі шығар деп үміттенем». 

Кейін:

«Біз кетіп қалдық, ол сабап жатты ма, әлде мүлікті шақты ма, әйтеуір сұмдық болды».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар