Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне қызметке орналысты. Ол АП-ның мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.
Бұл ақпаратты 2024 жылғы 28 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі растады.
Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін Талғат Жақан атқарды.
Асхат Оралов – 1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмәмдаған.
2023 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Оның алдында Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.