Астаналық Айбота Рақымбекова президенттікке кандидат болған әкесін сотта жеңіп шықты. Өгей әкесінің оған жала жауып, ар-намысына тиетін сөздер жариялағаны дәлелденді, деп жазады Alash.KZ.
Бүгін мен сіздермен маңызды және қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Мен өз ар-намысымды қорғау бойынша азаматтық сотта жеңіске жеттім, онда жауапкерім – «АУЫЛ» партиясы төрағасының орынбасары Толеутай Рахымбеков болды! Біздің елдің сот жүйесі менің ісімді объективті және бейтарап қарап, әділ және коллегиалды шешім қабылдады!
Рақымбекованың айтуынша, бала күнінде әкесі оны екі рет зорлаған. Сосын анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Өзіне тиесілі мүлкінен айырылған ол 1,5 жасар баласымен бірге дағдарыс орталығында тұрады.
Кейін экс-депутат қызын есірткіге тәуелді, патологиялық өтірікші деген еді. Алайда Айбота мұны жала деп “жеке басын қорлау” бойынша шағым түсірген.
Бұған дейін Толеутай Рахымбеков менің артымнан жалған мәлімдемелер жасаған болатын, мені өтірікші және қазіргі уақытта есірткіге тәуелді деп айыптаған. Бұл жалған ақпараттар менің атымды ғана емес, айналамдағы адамдардың көзінде менің беделімді де түсірді. Әлеуметтік желілерде мені тыңдамау керек деген жазбалар мен барлық айтқан сөздерімнің өтірік екендігі туралы пікірлер жарияланды, дейді жәбірленуші.
22 қаңтарда сот Төлеутай Рақымбековтің сөзін жалған деп танып Айботаның пайдасына шешім шығарды.