Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Экипажда Қазақстан азаматтары болған» - Финляндияда күдікті жүк кемесі құрықталды

21:09, 02 қаңтар 2026

Финляндия билігі телекоммуникациялық кабельге зақым келтірді деген күдікпен экипаж құрамында Қазақстан азаматтары бар «Fitburg» жүк кемесін ұстады, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Сент-Винсент және Гренадин туы астында жүрген кеме 31 желтоқсан күні тоқтатылып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ресми мәліметтерге сәйкес, экипаж мүшелерінің арасында Қазақстаннан бөлек, Ресей, Әзербайжан және Грузия азаматтары бар. Тергеу барысында кабельді бүлдірді деген күдікпен екі адам қамауға алынып, тағы екі экипаж мүшесіне елден шығуға уақытша тыйым салынды. Құқық қорғау органдары күдіктілердің азаматтығын нақтылаған жоқ. Сонымен қатар, кеден қызметі кеме бортында санкциялық тізімге іліккен тауарлардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Оқиғаға қатысты Финляндия орталық қылмыстық полициясының аға тергеушісі Ристо Лохи мәлімдеме жасады.

«Кемеде тергеу шаралары жүргізілді, экипаж мүшелерінен жауап алынды. Қазір біз оқиғаның мән-жайын және экипаждың кабельге зақым келтірудегі рөлін анықтап жатырмыз. Бұл жолы Ресейден шыққан жүк кемесі және якорь түсіру фактісі қаралуда. Мұндай жағдайларда ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Әр іс жеке қарастырылады», - деп атап өтті тергеуші.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар