Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Екіжүзділік - қауіпті жол! Мен шынайылықты талап етемін.” Прокурор Айжан Аймағанова қатаң қағидаларымен бөлісті

08:39, 11 шілде 2025 459

Аз уақыттың ішінде елдің сүйіктісіне айналып үлгерген мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Instagram парақшасында “Прокурор ана” тақырыбында әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Атышулы Салтанат Нүкенованың ісін жүргізген құқық қорғаушы әлеуметтік желіде заң саласындағы кеңестерімен, жеке кейстерімен, сонымен қатар өз өміріндегі ерекше оқиғаларымен бөлісіп отырады.
Ел арасында бейресми “Рухты ару” атанған Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптаушының отбасында ненің тыйым салынғаны мен прокурор ананың ізгі қасиеттері мен қағидалары туралы ашыла жазды:

Үйде — бір кейіпте, көпшілік алдында — басқа, яғни қос өмір сүру. Мен шынайылықты талап етемін. Екіжүзділік — қауіпті жол.

Әділетсіздікке көз жұму — соған тікелей қатысу. Көріп тұрып үндемеу — оған үлес қосумен бірдей. Бейқамдыққа тыйым саламын.

Өзгенің арқасында өмір сүретіндермен дос болу. Достыққа шектеу қоймаймын, бірақ түсіндіремін: зиянкестік — бұл жол емес. Жамандықты қалыпты деп санайтындар — қауіпті.

Айқайлап, кек қайтарып, дөрекілікке салыну — әлсіз адамның амалы. Ашумен емес, ақылмен жең.

Материалдық байлық — абыройдан жоғары емес. Ақша — мақсат емес, өмір сүру құралы.

Өзіңе адал болу — өзгеге жақсы болғанмен тең.

Менің лауазымымды пайдалана отырып, жауапкершіліктен жалтару. Білсін: менің мәртебем — қалқан емес, қайта артылған сенім мен үлкен міндет.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар