Қарағанды қаласындағы Федоровское су қоймасында шетелдік екі азамат қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, оқыс оқиға 30 мамыр күні түстен кейін болған. Суға батып кеткендердің екеуі де Үндістан мемлекетінен келіп, жергілікті жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттер екені анықталды.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел іздестіру шараларын жүргізді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қаза тапқан 21 және 22 жастағы жігіттердің денесін судан алып шықты. Студенттердің мәйіттері жағалаудан 15 метрдей қашықтықта, шамамен бес метр тереңдіктен табылған.