Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі куәгер қыз жалған сөйлеген! Сөмке иығында: Руслан Өтепдай шұғыл түрде Шерзат өліміне қатысты тың дерек жариялады

15:30, 28 сәуір 2025 1561

Танымал журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай Шерзат Полаттың өліміне қатысты тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Шерзат Полат аса қатігездікпен қайтыс болған кезде оқиға орнында екі келіншектің болғанын білесіздер. Таяуда сот процесіне соның бірі куә ретінде шақырылды. Прокурор Эльмира Нұрбековадан неге полицияға, жедел жәрдемге хабарласпадыңыздар деп сұрақ қойған. Куәгер келіншек "Жедел жәрдем, полицияға хабарласа алмадық, телефон сөмкеде болды, ал сөмке көлікте" деді. Алайда бұл ақпарат – жалған. Қылмыс күні таспаланған бейнебақылау камерасына зер салайық. Байқасаңыздар, жанжалдың басталған сәтінде екі келіншектің де иығында сөмке ілулі. Демек, екеуінің де сол сәтте-ақ полиция шақыра алатын мүмкіндіктері болған. Ертең Шерзаттың соты жалғасады. Сондықтан Сот пен прокурор, Шерзаттың адвокаттары бұл жайтты назарға алады деп сенемін”, – деді журналист. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар