Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екі адам көз жұмып, бір адам жарақат алды". Екібастұзда аса қайғылы жағдай болды

13:30, 13 желтоқсан 2025

Павлодар облысында КамАЗ жолдың қарсы бетіне шығып, жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы Alash.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 желтоқсанда "Екібастұз–Солнечный ауылы" автожолының 10-шақырымында тіркемесі бар КамАЗ жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Great Wall автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан екі көлік жол жиегіне аударылды.

Қазіргі уақытта күдікті жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалған, ал автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталмақ.

Полиция жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау, жылдамдық режимін сақтау және ауа райының өзгеруін ескеру қажеттігін еске салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар