Мексикада жерлеу рәсімі кезінде күтпеген жанжал туындады. Бұл туралы Alash.KZ хабарлады.
Mirror басылымының хабарлауынша, оқиға Веракрус штатында болған. Қоштасу сәтінде әйелдердің бірі марқұмның табытының алдында тізерлеп отырып, «Сені жақсы көремін, сені сағындым» деп сыбырлаған. Сол мезетте екінші әйел оған тап беріп, кім екенін сұрап, жанжал шығарған.
Кейін белгілі болғандай, марқұм екі әйелмен де жасырын қарым-қатынаста болған. Осыны білген олар табыттың екі жағында тұрып, бір-бірімен төбелесіп кеткен.
Жанжал кезінде гүлдер шашылып, тіпті табыттың қақпағы құлап кете жаздаған.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кең таралып, 150 мыңнан астам қаралым жинаған. Пікір білдірушілер арасында бұл жағдайды әзілге айналдырғандар да болған.