Атырауда қоғамды дүр сілкіндірген ерлі-зайыптының өліміне қатысты қылмыстық істе жаңа мәліметтер белгілі болды. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тек марқұмдардың күйеу баласы ғана емес, сонымен бірге туған қызы да ұсталған, деп жазады Alash.kz.
Біздің баспасөз бөлімі толық мәліметті берді. Мен растаймын! Кеше ғана күдіктілер Индонезия мемлекетінде ұсталды. Қазіргі таңда оларды алып келу мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу амалдары белсенді түрде жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті шаралар өткізілуде.
Баршамызға мәлім, халықаралық іздестіру жарияланған кезде интерпол қызметкерлері мен біздің Қазақстанның полиция қызметкерлері бірлесіп, арнайы топты құрып, сол топтың жұмыс нәтижесінде екі күдікті де қазіргі таңда ұсталды.
Екеуі де - күдікті. Толық тергеу аяқталған соң, ақпарат беріледі.