Жүргізуші,күзетші қызметтеріне вакансия көбейген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жариланды, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сұраныстың жартысы орта білікті қызметкерлерге. Бұл санатқа әрбір екінші бос орын тиесілі.
Мына салаларға бос жұмыс орындары анағұрлым көбірек болған екен:
- білім беру 17,9 мың орын
- денсаулық сақтау 10 мың орын
- құрылыс 8,2 мың орын
- басқа да қызмет түрлері 11 мың орын
Ең сұранысқа ие қызметтер тізімі мынадай:
- автомобиль жүргізушісі 2 мың бос орын,
- тәрбиеші (1,6 мың)
- күзетші (1,6 мың)
Сәуір айының қорытындысы бойынша төмендегідей мамандық иелері ең жоғары жалақыны (орта есеппен) сұрағаны белгілі болды:
- өңдеу өнеркәсібіндегі цех шебері 1,3 млн теңгеден жоғары
- әзірлеу жөніндегі жобалар басшысы 951 мың теңгеден жоғары
- коммерциялық ұйым бөлімшелерінің басшысы 900 мың теңгеден жоғары
Ал, керісінше жұмыс берушілер ең жоғары жалақы ұсынған мамандық иелері де бар. Мысалы ұңғымаларды бұрғылау шеберлеріне 750 мың теңгеден бастап жалақы ұсынса, бас продюсерлерле 711 мың теңге және авиациядағы инженерлерге 701 мың теңгеден бастап жалақы ұсынған.