Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Диас Нұрақын: "Компенсация үшін мал өлекселерін тастамай отырған ауылдарды ауру жайлап кетуі мүмкін"

16:18, 03 сәуір 2024 364
Журналист, қоғам белсендісі Диас Нұрақын "көзбояушылыққа" жұмыс істеп үйренген әкімдерді сынға алды. Сонымен қатар, қарғын судың қасіретінен кейін комиссияны күтіп, компенсация аламыз деп отырғанда ауылды ауру жайлап кетуі мүмкін екенін жеткізді. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады. 
Президент Ақтөбе облысына баратын сияқты. Оның ішінде тасқыннан ең көп зардап шеккен Ойыл ауданына тікұшақ басын бұрады деген сыбыс жетті. Себебі Ойылда бүгін абыр-сабыр басталып кетіпті. Тіпті тасқын басталғалы бері аяқ баспаған облыстағы шенді-шекпендінің бәрі Ойылда жүр дейді. Демек Тоқаев келеді деген сөз, - деп жазды журналист.
Қоғамдық проблемаларға белсенді түрде үн қатып отыратын азамат кейіннен Ақтөбе облысы, Ойыл ауданындағы қирап қалған ауылдардың жағдайына тоқталды: 
Ойылдағы қирап қалған ауылдардың бірі Берсиев. Көлкіген суда қалған елді-мекендегі баспаналардың 90 пайызы тұруға жарамсыз. Бұл аздай төрт-түлік те қырылған. Бірақ әлі күнге өлген малды тізімдейтін комиссия келмепті. Сондықтан халық өлекселерін тастамай жинап отыр екен. Ол иістеніп, бұзыла бастаған. Комиссияны күтіп, компенсация аламыз деп отырғанда ауылды ауру жайлап кетуі мүмкін. Эпидемияның алдын алу үшін тезірек өлекселерді өртеп, көзін жою керек. Ол үшін комиссияның жұмысын жеделткен абзал, - деп жазды журналист.
Реті келгенде айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесті. Мемлекет басшыс таяуда көптеген бейбіт тұрғынның өмірін жалмаған Мәскеу облысындағы қайғылы оқиға лаңкестердің зорлық-зомбылықтың ең қатігез әрі зұлым тәсілдерін қолданатынын атап,террорлық әрекетті сынға алды. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар