Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дүмше молдалардың сандырағына заңды түрде тиым салу керек" - журналист

14:09, 11 қыркүйек 2024 2447
Танымал журналист "Дүмше молдалардың сандырағына заңды түрде тиым салу керегін" айтып, діндарларды өткір сынға алды, хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 
 
Қазақстанда діни уағыздарға тыйым салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл жайлы Жұрттың баласы арнасы жазды.
 
Әсіресе, кейбір ұстаздардың діни дәрістерінде айтылатын пікірлердің қоғамның кейбір бөлігіне, әсіресе дәстүрлі құндылықтарды қолдайтын азаматтарға ұнамай қалуы байқалуда.
 
Ақылға сыймайтын және қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін уағыздардың көбейіп кетуі елдің рухани тұрақтылығына қауіп төндіріп отыр.
 
Осыған байланысты көптеген азаматтар мен қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардан мұндай уағыздарға шектеу қоюды талап етуде.
 
Бұл мәселе дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы, сөз бостандығы және қоғамдағы діни толеранттылық тұрғысынан маңызды сұрақтар туындатады. Егер тыйым салу шаралары қолға алынса, мемлекет халықтың діни сенімдерін шектемей, керісінше, елдегі діни келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін қолданылатын жаңа ережелер мен нормаларды әзірлеуі қажет болуы мүмкін.
 
Айта кетелік, осыған дейін атышулы Қабылбек ұстаз "қазақтың 70 пайыз сөзі арабтікі..." деп айды аспаннан бір-ақ шығарған еді.
 
"Егер араб сөздерінен бас тартсақ, қазақ сөздігінің қолданыстағы 70 пайыз сөзінен бас тартуымыз керек. Мысалы, «Рахмет, шүкір, ұстаз, дәптер, тәубе» деген сөздер арабтың сөздері. Одан кейін тілдік қорымыздағы сөздердің 30 пайыздайы орыстардан енген. Сонда бізде не қалды? деген сұрақ бар. "Сендер арабқұлсыңдар" дейді. Мысалы, шүкір мен рахмет арабтың сөзі екенін айттым ғой. Мен осы сөздердің орнына не айтамын?, - деген болатын Қабылбек Әліпбайұлы.
 
Осы орайда танымал журналист Дәурен Қуат даулы пікір білдірген ұстазға қарсы шықты.
 
"Болды енді, жетеді! "Кино аяқталды", жігіттер! Қазақтың жүйкесін жүндей түтіп, қажай берудің қажеті жоқ. Бұдан ары қарай қажала берсе, қазақ ұлтының жүйкесі шыдас бермей, тұтас халық ұсақталып, тобырға айналып кетуі мүмкін. Сондықтан дәстүрлі БАҚ-тан бастап барлық әлеуметтік платформалардан сандырақ сөз бен сұхбаттарға заңды түрде тиым салынуы керек.
Дін жайында сөйлесе, дін білгірлері, теологтар ғана сөйлесін. Ютуб пен Тиктоктан шығып алып, лағып отыратындардың ауздарын жапқан абзал. ҚМДБ ұсыныс жасасын, тиісті орындар тиісті шараларды қолға алсын. Әйтпесе, мұның ақыры, жаман айтпай жақсы жоқ, сұмдық болады", - дейді Дәурен Қуат.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар