Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Досаев Барахолкаға «Сергек» камералары орнатылатынын айтты

13:51, 15 наурыз 2024 358

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті.

Жиын барысында Барахолкадағы жолға наурыз айының соңына дейін «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылатынын айтты.

Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.

«Биыл Алатау ауданында барлығы 37 «Сергек» камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын», - деді Ерболат Досаев.

2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар