Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Досаев Алматыдағы лай көшкіні болған жерге барды

04:20, 08 ақпан 2024 386
Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы сапдарынан болған  техногендік сипаттағы лай көшкіні болған жерге барды.

Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап,  шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
«Басты басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», – деді Ерболат Досаев.

Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.

Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және  лай  көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Еске салсақ, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған.

Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және  лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар.

Фото: Алматы әкімдігі

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар