Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы өз орнын сақтап қалды

12:50, 05 ақпан 2026

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қаңтар айының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) ұйым рейтингінде өз чемпиондық мәртебесін сақтап қалды.

Рейтингтің алғашқы үш сатысына британиялық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра және кубалық Йоэнлис Эрнандес орналасты.

Еске салайық, желтоқсан басында Жәнібек Әлімханұлының А допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткені белгілі болған еді. Осыған байланысты оның WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен титул біріктіретін жекпе-жегі кейінге қалдырылды. Спортшы командасының бастамасымен 9 қаңтарда В сынамасы ашылып, оның да тыйым салынған заттың бар екенін растағаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл іс бойынша ресми шешім әлі шығарылған жоқ. Тергеу аяқталғанға дейін Әлімханұлы уақытша жарыстардан шеттетілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар