Америка Құрама Штаттары Президенті мен Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ үйдегі кездесуі барысында Дональд Трамптың Қазақстанға келуі мүмкін екені айтылды, деп жазады Alash.kz.
Қасым-Жомарт Кемелұлымен жасалған келіссөзжерден соң Америка президентіне қойылған сауалда “Қазақстанға келген алғашқы АҚШ президенті” атанғыңыз келе ме делінген:
Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард долларды құрайтын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?
Бұл сауалға АҚШ Президенті Дональд Трамп өз жауабын берді:
– Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты Президентіңіз бар.