Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

17:24, 28 наурыз 2025 401

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар өткізіп, мұсылман елдерінің өкілдерін қабылдады. Ол өз сөзінде 2024 жылғы президенттік сайлауда көрсеткен қолдауы үшін мұсылман қауымына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп.

Трамп өз әкімшілігінің басты мақсаттарының бірі – Таяу Шығыста бейбітшілік орнату екенін атап өтіп, бұл бағытта Авраам келісімдеріне сүйенетінін жеткізді. Сонымен қатар, президент әсіресе Мичиган штатында тұратын мұсылмандарға ерекше алғысын білдірді.

«Мен президент болып тұрғанымда, сіздерді әрдайым қолдаймын. Мұны білулеріңізді қалаймын», – деді Трамп.

Сондай-ақ, ол болашақта мұсылмандармен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар