Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Домбырамен ән айтқанымыз үшін қуып шықты. Мәселенің діни жақтан болғанын ұқтық. Заңымыз “нағыз қазақты” қорғауға шамасы жетпеді ме? - Нұрқанат Мұсаұлы

20:27, 20 тамыз 2024 559

Кәсіпкер Нұрқанат Мұсаұлы Ақтау қаласының мейрамханаларының бірінде домбырамен ән салғанымыз үшін қуып шықты деп дабыл қақты. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.  

Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жариялады. 

“Қазақтың қара домбырасы кафеден қуылып шығарылды! 
Барша қазаққа өзінің салт-дәстүрімен ерекшеленетін маңғаз Маңғыстаудың, Ақтаудың төрінде СААД @saad.aktau деген кафесінен бүгін домбырамен ән айтқанымыз үшін сыртқа қуылып шығарылдық. 

Сізге қызмет көрсетілмейді дейді әрі қарай ән айтуды жалғастыратын болсаңыз… 

Мәселенің діни жақтан болғанын бірден ұқтық. Оған себеп, үлкен зал почти пустой! Біз түпкі бөлмедегі ВИП кабинкадамыз, ешкімге кедергіміз жоқ! Барынша көндіріп, келесіде келмейміз десек те админ мырза әнді ортасынан кесуді сұрады.  Қонағымыз алыстан, Алматыдан болғаннан кейін барынша сабыр сақтап бағуға тырыстық. Домбырашы бауырыма тоқтатуын өтініп, 1 аяқ шайымызды іштік де, шықтық. Ана кісілердің түрін көрсеңіз енді, домбыраны көргенде жынды көргендей көздері аларып. Өз елімізде өз дәстүріміз бен құндылықтарымызды ұстана алмасақ біз неғып жүрміз өзі?! Бұл кісілер үй ішінде үй құрмаққа па өз заңдарымен?! 

Бірнеше ұлтты бауырына басып, төсінде лезгинка билетіп жүрген қонақжай қазақтың көңілі домбыра үні сыймайтындай тарылды ма?! 

Заңымыз “нағыз қазақты” қорғауға шамасы жетпеді ме?!”,- деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар