Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Домбыра ақіретте жақсылық әкелмейді, оған рұқсат жоқ - Думан Мубаров (ВИДЕО)

17:33, 15 тамыз 2024 1328

Танымал уағызшы Дарын Мубаров “Уақыт көрсетеді” арнасына берген сұхбатында қазақтың ырымы, ұлттық аспаптары туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай уағызшыға “Ырымға сенесіз бе?” деген сұрақ қойды.

“Маңдайымыз сәждеге тигеніне 30 жылдан асты. Осы уақыт аралығында өзіме қатты қойып алған қағида - Алланың сөзі және пайғамбардың өсиеті. Сәйкес келетінін, келмейтінін салыстырамын. Менің өлшем бірлігім осы. Ырымға сенбеймін деп айтсам да болады”,- деп жауап берді.

Журналистің келесі сұрағы: домбыра, айтыс, күй-терме харам ба?

“Қазір заман түймедейді түйедей ететін уақыт. Діннің өзіне келетін болсақ, музыкалық аспаптарға рұқсат берілмеген. Мұқият оқитын болсақ, кеңес үкіметі құлаған уақытта, “әлем” деген кітап бар. Сол жерде Дина Нұрпейісова апамыз туралы жазылған әңгіме бар.

Күйіне таң қалып күй тартып беруін сұрайды. Дина апамыз: Молдалар айтады ғой, домбыра ақіретте жақсылық бермейді дейді. Сол заманда да орамалы түгел, иманы бар Дина Нұрпейісова да домбыраның дұрыс емес екенін білді, бірақ жалғастыра берді. Қарапайым халық домбыра тартса ештеңе бола қоймас, бірақ молда адамға бұл жақпайды.

Діни маман ретінде айта кетсем, Ханафи мазхабында: Домбыра рұқсат етілмейді деген сөз бар. Қоржыннан суырып алған сөз емес, ар-жағында бар сөз”, деді Дарын Мубаров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар