Елордадағы әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Рүстем Жүгінісовты ҚР Әкімшілік кодексінің 453-бабы бойынша кінәлі деп тауып, 78 640 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Сотта екі жағдай қаралды:
- Жаңа жыл мерекесі. 2023 жылдың 31 желтоқсанында Жүгінісов TikTok-та Жаңа жылды атап өту қажет пе деген сұрақ қойып, бұл мейрамды пайғамбар да, ата-бабалар да тойламағанын айтқан.
- Ақтөбедегі мешіттегі оқиға. Әнші қыз түсірген бейнежазбаға пікір білдірген. Онда ер адам «бір реттік никях» – жақындасу үшін жасалатын жалған неке ұсынған. Жүгінісов қызды арандатушылық жасады деп сынап, мешітке тек әкесі не ағасының ертуімен барғаны дұрыс деп кеңес берген.
Сараптама мұндай мәлімдемелер қоғамда діни алауыздыққа әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді.