Танымал блогер Ырысбала Икрамбай денсаулығына қатысты жан сырын бөлісті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Ырысбаланың айтуынша, дәрігерлер оған бірнеше диагноз қойған.
“Екінші және үшінші жүктіліктің ортасында маған «эпилепсиялық ұстама» деген диагноз қойылды. Оң жағым осылай тырысып, ұстамам ұстап қалады. Мына күннің ыстығында дене қызуым, ұстамам, қан қысымымның бәрі көтеріліп жатыр. Қазір тыныштандыратын дәрі ішіп көремін, болмаса магнезия салдырамын. Содан кейін тоқтайды. Жасым енді ғана отызға келсе де бәрі бар. Эпилепсиялық ұстама да бар, жүктіліктің әсерінен зоб пайда болды. Қант диабетім де жоғары. Қандағы қант мөлшері қалыпты деңгейден асып тұр, ал қан қысымым төмен”, – деді ол.