Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Диагноз қойды, 25 жыл ауруханаға жатамын: Баян Алагөзова денсаулығы сыр бергенін айтты

11:26, 10 желтоқсан 2024 1713

Продюсер Баян Алагөзова қыс мезгілінен неге қашатынын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz.

“25 жылдан бері қыс мезгілінде ауруханаға жатамын. Бұл сұмдық емес пе?! Отандық дәрігерлер созылмалы бронхит деген диагноз қойған. 25 жылдан бері күресіп келемін. Ал пневмония болып аурғаннан кейін екі жыл денсаулығым қалыпқа келмеді. Сондықтан қыс келгенде қатты қорқамын”, – деді продюсер. 

Продюсер Еуропада емделгенін айтты. 

"Еуропалық дәрігерлердің нәтижесі мені таңғалдырды. Олар менің диагнозым “созылмалы бронхит емес” деді. Ал мен жыл бойы сол диагнозға тағайындалған дәрілермен емделдім. Менің диагнозым – аллергия екен. Маған салқын ауа жақпайды. Сол үшін мен қыста жылы жақтарға кетемін. Шетелдік дәрігерлер де мұхит пен теңізі бар елдерге баруға кеңес берді”, – деді Баян Мақсатқызы.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар