Депутат Геннадий Шиповских қауіпті қылмыскерлер мәжбүрлі ем қабылдайтын еліміздегі жалғыз орталықтың жағдайына алаңдаулы, деп жазады Alash.KZ.
Айтуынша, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі.
Алматы облысы Ақтас ауылында орналасқан ғимараттың іргетасы 1972 жылы қаланған.
«Мұнда еліміздегі ең қауіпті контингенттер, яғни террористік және экстремистік ұйымдардың қатысушылары, каннибалдар, педофилдер мәжбүрлі түрде емделіп жатыр. Олардың 83%-ы психикалық сырқаттан мүгедек деп танылған», - дейді депутат.