Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат Нартай Аралбайұлының айлығы азық-түліктен аспайды

09:49, 30 қаңтар 2025 117

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы қымбатшылық туралы журналистерге берген сұхбатында алатын айлығының азық-түлік пен дәрі-дәрмекке кететінін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Журналистер "Алатын айлығыңыз жете ме?" деп сұрайды. 

Нартай Аралбайұлы:

"Айлығымның бәрі кетеді. Коммуналдық төлемдер бірнеше есе өсті. Одан бөлек медициналық қажеттіліктер бар. Мәселен, әкемде қант диабеті, анамызда да сондай диагноз. Жергілікті тіркелген емханаға қаратуға уақыт жар бермейді: бір екі апта уақыт кетеді. Оған қант диабеті күтіп отыратын ауру емес. Сондықтан жеке меншік емханаларға баруға, кейде диабетті жедел төмендететін дәрі дәрмек алуға тура келеді. Сондықтан ем-дом мен тамаққа түгел қаражатым кетеді" дейді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар