Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды

22:25, 28 шілде 2024 818

Қаралы хабар туралы Alash.KZ ұлттық порталы Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Әуелде қаралы хабарды әлеуметтік желіге журналист Дана Нұржігіт жазған болатын.

Журналистің жазбасы былай басталады: 

– Дәулетжан, айналайын! Кеше ғана сөйлесіп, жағдайыңды біліп отырған едім. Күлекеңнің денсаулығы оңалып келе жатыр ма деп,ең болмаса жылтыраған үміт бар ма деп едім… қайтейін?!

Тағдыр басқалай болды. Ерсің бе, әйелсің бе, жассың ба, кәрісің бе, хан бол, қара бол - Ананың орны бәрінен биік, бәрінен бөлек, бәрінен ерек.

Күлекең мен Төлеутай әкеңді сонау “көшбасшыға” өзіңе жанкүйер болып студияға келіп жүрген кезінен білем ғой. Баласы үшін құрақ ұшқан ата-ана. Құдай берген ұл-қызына бәрін сарқып берген жанкешті адамдар. Қарапайым қазақ.

Күлекең мейірбике, Төлеутай әкей сол ауруханада ұста. Екі баланы жеткізіп, Семейден Астанаға көшіп келіп, енді құлашын кеңге жайып, немересін мейірлене сүйіп отыратын кезде… қап,қап! - деп жазды әріптесіміз.

Дәулет Мұқаевтың анасының қазасы туралы журналист өз жазбасында депутаттың әкесіне де қайғырып көңіл айтады:

Төкеңе қайғырып көңіл айтамын! Жарасып өмір сүрген жұбынан қапыда айырылу жан азабының ең ауыры. Дәуке,Лаура, Арука, туған-туыс,дос бауырға қайғыра көңіл айтамын! Сабыр… – деп жазды журналист.

Дәулет Мұқаевтың өзі VIII сайланған Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 1992 жылы Абай облысы Семей қаласында дүниеге келген. Таяуда жазған жазбаларының бірінде депутат өзінің ауырып қалғанын хабардар еткен еді.



 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар