Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Денесіне пышақ пен отвертка тығып, гантелмен ұрған" - күйеуінің қолынан қаза тапқан шымкенттік әйел туралы не белгілі?

13:44, 27 ақпан 2025 833

Жеті баланың анасы 42 жастағы Шолпан Ақмырзаны ер адам соққыға жығып, үшінші қабаттан лақтырып жіберген. Бұл оқиғаға кәмелет жасына толмаған екі баласы куә болған, деп жазады Alash.KZ https://www.ulysmedia.kz/

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Мен өзі өлгеніне сенбеймін. Үшінші этаждан секіргеннің өзінде де ондай жарақаттар болмайды. Інімнің айтып тұрған сөзіне мен сенемін. Ұрған, сүйреген, терезеден лақтырып жіберген дейді. Одан алдын да бізде күнде ұрыс-керіс болатын. Анам 2020-да заңды түрде ажырасса да адресімізді біліп күнде тықылдатып тұрып кіретін», - дейді марқұмның қызы Перизат Қалдарбек.

Туыстарының айтуынша, Шолпан Ақмырза төрт жыл бұрын ажырасып кеткен күйеуімен татуласып, үйіне барған. Бір күннен кейін қаралы хабар жеткен. Әйел үшінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған деп айтылған. Алайда марқұмның жақындары бұған сенбейді. Себебі, болған жайтты екі баласы айтып берген.

«Төрт жасар баласы айтып отыр. Гантельмен басын ұрып-ұрып құлады. Одан кейін қашып бара жатқанда тізесінен тағы гантельмен ұрды. Мына қашқан аяғың ба деп. Құлаған адамға ұқсамайды. Әбден білгенін істеп, ұрып-ұрып, денесіне отвертка тыққан, пышақ тыққан денесінің бәрін көгала қойдай қылып тастаған», - дейді марқұмның әпкесі Ақмарал Ақмырза.

Полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғалғанын мәлімдеді. Ал 47 жастағы күдікті қамауға алынған.

«Әйелдің өлім жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда осы жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті қамауда отыр. Бірақ қара жамылған отбасы іс “адам өлтіру” бабымен тергелсін деп отыр», - дейді Шымкент қаласы ПД өкілдері.

Шолпан Ақмырза мен бұрынғы күйеуі екеуі 22 жыл бірге тұрған. Бірақ ерлі-зайыптылар түсінісе алмай, төрт жыл бұрын екі жаққа кеткен. Жеті баланың үлкені үлкені 22-де, кішісі 2 жаста. Тустарының айтуынша, марқұм жалдамалы пәтерде тұрған. Өзі сауда жасап, нәпақа тапқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар