Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Денемнің бәрін тістеп тастады". Ақтөбе-Алматы пойызының жолушыларын қандала талап тастағаны айтылды

09:41, 13 маусым 2024 497

Ақтөбе – Алматы пойызының жолаушылары қандалаға таланды. Олар пойыздың ішін, жатын орындарын қандала басып кеткенін айтып шағымданды. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

Әлеуметтік желі қолданушысы Ақтөбе – Алматы бағытында қатынайтын пойыздың  антисанитариялық жағдайға шағымданды. Ол төсектегі қандалалардың суреттерін бөлісті. Жазба авторы жол бойы ұйықтай алмағанын айтады. 

"Денемдегі қандала тістеген жерлер әлі қышиды. Бұл төсек қандалалары. Олар аурудың тасымалдаушысы болуы мүмкін, содан кейін заттардың арасына түсіп, үйге көшуі мүмкін. СЭС пен әкімшілік қайда қарап отыр? Біз не үшін ақша төлейміз? Түні бойы ұйықтамадық" – делінген желідегі жазбада. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, 10 маусым күні айналым пунктіне келген кезде аталған пойыз тексеру және жоспардан тыс залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін ажыратылған.

"Бұл ретте визуалды тексеру кезінде төсек қандалалары табылмады, бірақ біздің қызметкерлер жоспардан тыс қосымша дезинсекция жүргізді. Айта кетейік, аталған вагонда соңғы жоспарлы дезинсекция 6 маусымда жүргізілген", – делінген хабарламада. 

Компания вагондарды дезинфекциялау және дератизациялау денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес әр сапар алдында жүргізілетінін айтты.

"Вагондарды дезинсекциялық өңдеу айына кемінде бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Дератизациялық өңдеу тоқсанына кемінде бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Вагондарды қосымша дезинфекциялау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі", – делінген компанияның жауабында.

Орайы келгенде айта кетейік, Елімізде 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен сапарға шыға алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар