Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әйелімен бірге екінші сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан

15:55, 07 маусым 2024 573

Қарабұлақ ауылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұбайымен және үлкен ұлымен бірге екінші сынып оқушысын ұрып-соқты. Мұғалім өз кінәсін мойындамады. Алайда төбелес кезінде көптеген куәгерлер болғаны анықталды. Олар Orda.kz редакциясына оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

Бастауыш сынып мұғалімі Гүлчехра Халжалилова — ұрып-соғудың негізгі куәгерлерінің бірі. Дәл осы кісіге 4 мамыр күні мектеп оқушылары жүгіріп келіп, бастауыш сынып оқушысын дене шынықтыру мұғалімі күшпен көлікке отырғызғанын хабарлаған.

«Мен сол баланың сынып жетекшісімен үйге қайтып келе жатқанмын. Бізді көлік жанымыздан зырғып өтіп, қасымызға тоқтады. Рөлде дене шынықтыру мұғалімі отырды, артқы орындықта әйелі мен ұлы болды. Әйел көліктен шығып, баланы жағасынан тартып шығарып, көз алдымызда бетінен ұра бастады.

Мен баланы оның қолынан тартып алдым да, оны қандай құқықпен ұрып жатқанын сұрадым. Сол кезде әріптесім көліктен шығып, мені араласпауымды өтінді. Оның әйелі маған айқайлап, тіл тигізе бастады», — деп еске алады №9 мектеп мұғалімі Гүлчехра Халжалилова.

Жанжал кезінде Гүлчехраның демікпе ұстамасы ұстап, тыныс алуы қиындады. Көршілері жедел жәрдем шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар