Қазақстандық шабуылшы, ел мақтанышы Дастан Сәтпаев австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы өткен жолдастық кездесуде «Челси» сапында негізгі құрамда алғаш рет алаңға шығып, ойынның 7-минутында гол соқты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл – 17 жастағы футбольшының лондондық ұжым жейдесінде соққан алғашқы голы.
Қазіргі уақытта алматылық «Қайрат» клубының түлегі ағылшындық грандпен бірге маусымашар турнеге қатысып жатыр. Оның «Челсиге» ауысуы ресми түрде ол кәмелеттік жасқа толғаннан кейін толық ресімделеді. Отандық талант 12 тамызда 18 жасқа толады.