Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дәретханада соққыға жығылған”. Жамбыл облысында төбелестен 9-сынып оқушысы көз жұмды

17:32, 15 қыркүйек 2025 982

Жамбыл облысында төбелестен 9 сынып оқушысы көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға дәретхананың ішінде болған. 

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеудің мүддесі үшін өзге деректер жария етілмейді», – делінген Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар