Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дана ақсақал дүниеден озды. Қазақ халқы академик Төрегелді Шармановтан айырылып қалды

10:16, 25 мамыр 2024 720

Ел ішінде ұлт арыстарының ізбасары, тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы саналатын орасан зор құрметке ие ақсақал, медицина ғылымдарының докторы, профессор, гигиенист-нутрициолог ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Төрегелді Шарманұлы 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген. 

Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі.

Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады, мешел ауруының даму механизімін ашты.

Төрегелді Шармановтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесі зор.

Оның басшылығымен емшектегі балаларға арналған "Бөбек", "Аруана", "Антихолестерин" тағам қоспаларын шығарды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өтіп, онда медицина - санатының алғашқы жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастырудың ұстанымдары алғаш рет тұжырымдалған Алматы декларациясы қабылданды.

Оның жетекшілігімен 56 докторлық және 170 кандидатттық диссертациялар қорғалды. "Қазан революциясы", "Халықтар достығы", "Парасат" ордендерімен марапатталған. ДДҰ-ның Л.Бернард атындағы сыйлығын (2005) және "Қазақстан Республикасында тағам туралы ғылымның іргелі де қолданбалы аспектілерін дайындау" еңбектер топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығынның иегері және "Ғылым" номинациясындағы "Платина Тарланы" тәуелсіз сыйлығының иегері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар