Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дайын ба?»: Дастан Сәтпаев туралы англиялық клуб жағымды ақпарат таратты (ВИДЕО)

15:52, 09 қазан 2026

Ел мақтанышы, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев ауыр жарақатынан айығып, ағылшындық «Бернли» клубының негізгі құрамымен бірге толыққанды жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Отандасымыздың сапқа оралғанын клубтың бас бапкері Никки Хайен баспасөз мәслихатында ресми түрде растады.

Никки Хайен: «Дастан оралды. Ол толыққанды жаттығу жасап жүр және матчқа өтінімге енгізілуге дайын болады», — деп жағымды жаңалықпен бөлісті.

Еске сала кетейік, жас футболшы қыркүйек айының басында Чемпионшип аясында өткен «Мидлсброға» қарсы кездесуде (1:1) жарақат алып, алаңнан тыс қалған еді. Соның салдарынан ол Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасындағы маңызды ойындарына қатыса алмады.

Қазіргі таңда қатарға қосылған шабуылшы алдағы бәсекеде бағын сынап қалуы мүмкін. «Бернли» клубы Чемпионшиптің 9-туры аясында сырт алаңда «Уотфордқа» қарсы ойын өткізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар