Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Даяршыға мейрамханаға кір аяғын сүрткізіп, былапыт сөйлеген". Алматыда тәртіп бұзған бойжеткен жазаға тартылды

09:15, 20 қыркүйек 2025 170

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде даяшыға былапыт, дөрекі сөздер айтып, кір аяғын сүрткізген бойжеткен жазаланды, деп хабарлайды  Alash.KZ.

Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, тәртіп сақшылары дәмханалардың бірінде жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған қыздың жеке басын анықтады. Ол өзін өрескел ұстап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

«Аталған дерек бойынша «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы Атырау қаласында ұсталды. Түсініктемесінде ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция айналаға және заңға құрметсіздік көрсетуге жол берілмейді деп айтты. Қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлық – «Заң және Тәртіп» қағидатының негізі», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар