Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дағыстан азаматы өз елінен Атырауға көмек ретінде 50 мың қап әкелді

09 сәуір 2024 136

Омарасхаб есімді Дағыстан азаматы Атырау облысына көмек ретінде елу мың даға қап әкелген, деп хабарлайды Alash.kz.

Дағыстан азаматы Атырауда бөгет жасауға қап жетпей жатқанын естңп, өз елінен қап әкеліп, көмек қолын созды. Қиын жағдайды естіген ол дереу көмектесемін деп шешім қабылдаған. 

«Түнгі сағат екіде мен досымнан оның қоймасын ашуды өтіндім. Онда қап көп жатты. Оларды жүк газеліне тиеп, Астрахань облысы арқылы Атырауға шықтым. Түні бойы сіздерге қарай жүрдім», - дейді Омарасхаб Ахмедов.

Дағыстанда Атырау облысына гуманитарлық көмек жинап жатқан таныстары өте көп екенін айтты. Бауырлас халықтың басына түскен қиындығын көріп отыра алмаған Омарасхаб бейқам отырмай бірден жолға шыққанын баяндады. 

«Мен бауырлас халықтың осындай қиыншылыққа тап болғанын білгенде, бірден шығу керек деп шештім», – дейді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?