Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы (ҚМДБ) саналы түрде балалы болудан бас тартуды білдіретін ұстанымға (чайлдфри) қатысты пәтуа шығарды. Пәтуа басқарманың сайтында жарияланды, деп жазады Alash.KZ.
Онда “чайлдфри идеологиясы ислам шариғатына, адам табиғатына және неке мақсатына” және Пайғамбардың сүннетіне қайшы екені жазылған. Ал “оның негізгі мақсаттарының бірі – адамзат тегінің сақталуы мен ұрпақтың жалғасуы” деп жазылған пәтуада.
ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, чайлдфри көзқарасын ұстанатындар балаларды жек көрмейді. Алайда олар “көбіне бала тәрбиесіне жұмсалатын шығындардан қашуды, қосымша жауапкершілікті мойнына алмауды, жеке еркіндік пен кәсіби дамуды алдыңғы орынға қоюды, сондай-ақ «менің денем – менің құқығым» деген идеологияны негізгі себеп ретінде алға тартады”.
“Исламда балалы болу – ерлі-зайыптыларға ортақ құқық. Сондықтан олардың бірі бала сүюді қаласа, екінші тарап оған тыйым сала алмайды. Тек бала тәрбиесіне дайындалу немесе денсаулықты қалпына келтіру сынды орынды себептермен жүктілікті уақытша кейінге қалдыруға рұқсат етіледі” деп жазылған пәтуада.
Олардың айтуынша, чайлдфри бұған қоса, “отбасы институтын әлсіретіп, қоғам мен ұлттың болашағына кері әсерін тигізеді”.
Чайлдфри идеясы шариғатқа қайшы ма? - ҚМДБ жауап берді
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026
«4 күн бұрын үйінен шығып кеткен»: Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалды
15:40, 03 қараша 2026
«Соғысты тоқтату»: Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан өтетіні белгілі болды
15:31, 03 қараша 2026
«Жедел жәрдем келгенше көз жұмған»: СҚО-да 17 жасар қыздың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр
14:26, 03 қараша 2026
Үш жылдық мораторий енгізіледі: Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді
13:22, 03 қараша 2026