Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевтың адвокаттары судьяны ауыстыру туралы өтініш жасады

11:00, 11 сәуір 2024 675

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы Астана қаласында әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі сот процесінде Бишімбаевтың адвокаттары судьяға сенімсіздігін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот барысында судья Айжан Көлбаева Бишімбаевтың адвокатына алқа билерді шатастырып жатырсыз деп ескерту жасаған.

Бишімбаевтың адвокаттары судья Айжан Құлбаеваға сенімсіздік білдірді. Судья алқабилерден сот залын босатуды сұрады. Кейін тікелей эфир тоқтап қалды.

Бишімбаевтың адвокаттары кезекті өтінішін іс материалдарына тіркеу жөнінде өтініш білдірген. Алайда судья оны қосуды бас тартты. Осыған байланысты сотталушының адвокаты судьядан бас тарту туралы өтініш жасауға шешім қабылдады. Сот процесіне үзіліс жарияланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар