Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев мерзімінен бұрын босай ма?

11:52, 16 мамыр 2024 534

Қуандық Бишімбаев мерзімінен бұрын босай ала ма деген сұраққа Әділет вице-министрі  Ботагөз Жақселекова бүгінгі брифингте жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

"Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі және оны сот шешеді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Заңды күшіне енгеннен кейін қылмыстың ауырлық деңгейі анықталып, соған байланысты қорытынды жасалады",- деді вице-министр.

Денсаулық жағдайына байланысты жазасы қалай өтелітіні туралы баяндады.

"Мұндай мүмкіндік қарастырылады. Ол жазасын өтеушінің белгілі бір мерзімде  жазалау мекемесінде өзін  қалау ұстауына байланысты. Бірақ ауыр қылмыс жасалған кезде міндетті түрде  жәбірленуші тараптың келісімі қажет болады", -деп жауап берді ол

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар