Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев ірі құрылыс компаниясына иелік ететін болып шықты

13:00, 29 наурыз 2024 422

«Sensata» ірі құрылыс компаниясын экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның серіктестері басқарады екен. 

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Бишімбаев сотында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтым Амангелді мәлімдеді, деп жазады КазТАГ.

«Менің білуімше, бұл ғимарат («Гастро-центр») Қуандық пен оның серіктестеріне, сондай-ақ «Sensata» компаниясына тиесілі. Мұнда Бақытжан (Байжанов, Бишімбаевтың туысы, «Гастро-центр» директоры) негізін қалаушы болса, Бақытжан  мен пәтер сатып алғанда шағын жеңілдік жасады», - деді Салтанат Нүкенованың ағасы Айтым Амангелді.

Прокурор сонымен қатар Бишімбаев пен Байжановтың қарым-қатынасын сұрады.

«Мен бұл туралы ештеңе айта алмаймын, тек пәтерге қатысты барлық нұсқауларды Байжанов орындаған, ал Сенсата бойынша бәрі Байжанов арқылы өткен», - деді Амангелді.

Айта кетейік,«Sensata» премиум, бизнес және комфорт класындағы тұрғын үйлерді салатын компания. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар