Бірқатар қоғам белсенділері саяси көзқарастарын білдіріп, Путин мен Назарбаев кездесуін тілге тиек етті, деп хабарлайды Alash.kz Orda.kz сілтеме жасап.
Қазақстанның экс-президентінің Путинмен кездескеніне таңданыс білдіріп, басқа бұрынғы мемлекет басшыларының мұндай сапарлары есіне түспейтінін айтады:
«Мүмкін, бұл әдет шығар? КСРО кезіндегі көпжылдық әдет – Кремльге ұшып, мақұлдау алу керек болған уақыттан қалған болар? Турист ретінде барған болса, ешкім бір сөз айтпас еді. Бірақ бұл жағдайда бірден әуежайдан Ново-Огаревоға, В.В.Путинге барды. Бұл біртүрлі алаңдатады. Шынымды айтсам, ешқандай толқулар мен сілкіністер болғанын қаламаймын…»
Бейресми дипломатия
Ново-Огареводағы кездесу, ең ықтималы, Ресейдің бейресми, жарияланбаған дипломатиясының жалғасы. Біз бұл процесті Ресей үкімет басшысы Мишустиннің ірі ресейлік бизнес өкілдерімен бірге Астанаға сапарынан бастап байқай бастадық.
Одан кейін Владимир Путиннің сапары өтті, артынан Матвиенко келді, - дейді ТМД елдері институтының Орталық Азия және Қазақстан бөлімінің меңгерушісі Андрей Грозин.
«Свободная пресса» басылымының пікірі
Ресейде бұл кездесуге ерекше назар аударған «Свободная пресса» басылымы үш сарапшының пікірін жинақтады.
Біріншісі – Ресей президенті әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Дмитрий Журавлёв:
«Назарбаев Қазақстан бұрынқазіргі уақытқа қарағанда жақсырақ болғанын символикалық түрде еске салғысы келеді. Ресей үшін бұл кездесудің мағынасы – біз есімізде сақтаймыз, біз бағалаймыз және қолдау көрсетеміз дегенді білдіру», - деп санайды Журавлёв.
Қазақ ұлтшылдарына белгі
«Владимир Путин ешқашан жайдан-жай әрекет етпейді. Назарбаевпен кездесуі – бұл назарбаевтық, Ресейге достық ниеттегі Қазақстанға ерекше белгі. Украина тағдырын ескеріп, олар белгілі бір қорытынды жасауы тиіс. Бұл өте мықты қадам!» – деп мәлімдеді Қазақстандағы Ресей елшілігінің бұрынғы қызметкері, тарихшы Александр Афанасьев.
Мәжіліс депутатының пікірі
Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза өзінің Facebook парақшасында Путин мен Назарбаевтың соңғы кездесуі үш жыл бұрын болғанын, ал одан кейін бір айға жетпей 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы орын алғанын еске салды:
«Мұндай кездесулер ішкі алаңдаушылық тудырады. Бірден 2021 жылғы желтоқсандағы Санкт-Петербургтегі кездесу ойыма оралады, содан кейін Қаңтар оқиғасы басталды. Әр адам өзінің тікелей жұмысы мен қазіргі позициясына сәйкес әрекет етуі керек деп санаймын», - деп жазады Нұртаза.
Бұл кездесу Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ай ішіндегі алғашқы жариялы түрде көзге түсуі болды. Соңғы рет ол АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берген кезде көрінген еді.