Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бұл - маған жасалған теракт". Автобус жүргізуші өзін соттау керек дегендерге жауап берді

17:18, 01 мамыр 2024 671

Алматы автобустарының бірінде тұтанған кикілжің үдеп, 3 адамның өмірін қиған еді. Оқиғаға қатысты іс өз мәресіне жетті. Десе де, қаза тапқан жолаушылардың туыстары автобус жүргізушісін де жауапқа тарту керегін айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Видео авторы, жүргізуші Ермек Шөкебаева өзін жәбірленуші ретінде санайды. Ол "соққыдан өліп кетуім де мүмкін еді" деп отыр.

"Мен зардап шегуші болсам да, мені кінәлі қылғысы келеді. Мен де зардап шектім. Мен де өліп кетуім мүмкін еді ғой. Соны бұлар неге ескермейді. Бұлар теракт қой. Өліп кетуім мүмкін еді. Бір Алланың көмегімен аман қалдым",- дейді Ермек Шөкебаева. 

Естеріңізге сала кетейік, ашу үстінде автобус жүргізушісіне қол көтеріп, 3 адамның өліміне себепкер болған ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар