Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бүгінгі Қазақстан және отандық өндіріс» атты дөңгелек үстел өтеді

13:19, 14 наурыз 2023 448

2023 жылғы 17 наурыз, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ««Kelun-Kazpharm» компаниясының атқарушы директоры Мерей Сламұлының туғанына 60 жас толуына орай «Бүгінгі Қазақстан және отандық өндіріс» атты дөңгелек үстел өтеді.



Өндіріс Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы) орындау мақсатында құрылған. Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттікбағдарламасы ретінде (Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы)Қазақстан Республикасына шетелдік инвесторларды тартубойынша жемісті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына инвестиция тарту, арнайыэкономикалық аймақтарды дамыту және экспорттыынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес «Келун-Казфарм» ЖШС Қазақстан Республикасындағы ең ірі фармацевтикалық зауыт салу жобасын құру және іске асыру арқылы құрылды. Қазақстан Республикасында отандық өндірілетін дәрілік заттардың үлесін арттыру және осы препараттарға импортқа сұранысты арттыру көзделді.


«Kelun-Kazpharm» фармацевтикалық зауытының негізінқалаушылардың бірібелгілі кәсіпкер, меценат СламұлыМерей. Қазіргі уақытта ол осы зауыттың атқарушы директоры.


«Kelun-Kazpharm» фармацевтикалық зауыты (Келун – Қазфарм) 2014 жылдың шілде айында іске қосылды және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушісі болып табылады. Өндірістік нысанның құрылысына 7,5 млрд теңгеден астам(шамамен 37 500 000 еуро) инвестиция тартылды, 40 000 м2 жер телімі сатып алынды, зауыттың өндірістік қуаттылығының жалпы ауданы 19 000 м2. Өндіріс ішкінарықты отандық дәрілік заттармен толық қамтамасыз етугемүмкіндік береді, импортты алмастыру бағытында дамыпкеледі, сондай-ақ ТМД елдеріне сыртқы сату нарықтарына шығуда (Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан).


«Kelun-Kazpharm» - үлкен көлемдегі инъекциялық ерітінділер шығаратын заманауи фармацевтикалық кәсіпорын, ірі кәсіпкерлік субъектісі.


Зауыт автоматтандыру деңгейі жоғары фармацевтикалық өнімдерді шығаратын зауыттар арасында Орталық Азиядағы ең ірі зауыт болып табылады. Қазір зауытта 350-ден астамадам жұмыс істейді.



Дөңгелек үстелде Президенттің кеңесшісі, Алматыоблыстық әкімшілігінен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан арнайы өкілдер, мемлекеттік мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлік компаниялардың басшылары: Отарбаев Мәлік Нұржанұлы, Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Өмірәлі Қопабаев, Заядан Болатхан Қазыханұлы, Зиябек Қабдульдинов, ДукенМәсімханұлы,  Нәбижан Мұқаметханұлы, Байғали Есенәлі, Алмас Ахметбек және де өзгеде белгілі тұлғалар және ақпарат саласының өкілдері болады.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар