Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгін жас-жұбайларға 50 пәтер, балабақша, 200 балаға спорт кешенін салып, бар байлығын халқына жұмсаған Жақсылық Үшкемпіровтың туған күні (ВИДЕО)

14:48, 06 маусым 2024 579

Бүгін қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы  Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қазақтаннан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саңлағы – Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысының Свердловск ауданы Дихан ауылында дүниеге келген. 

Бала кезінен спортқа жақын болған ол кейін грек-рим күресіне бет бұрып, аталған спорт түрінен КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері атанды. 

1980 жылы 29 жасында Мәскеу Олимпиадасында топ жарды. Сондай-ақ, Жақсылық Үшкемпіров грек-рим күресінен әлем чемпионы (1981), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1980), әлем кубогінің күміс жүлдегері (1982), екі дүркін КСРО чемпионы (1978, 1979) және КСРО халықтары Спартакиадасының жеңімпазы (1975) атанған. 

Кілемдегі мансабы аяқталған соң Жақсылық Үшкемпіров еліміздің қоғамдық өміріне етене араласып, қазақстандық балуандардың әлемдік жарыстарға алаңсыз дайындалуына атсалысты. 

Соңғы сұхбаттарының бірінде Жақсылық Үшкемпіров өзінің Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігін қайталайтын қазақ балуандарының жеңісін көріп кетуді армандайтынын айтқан. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар