Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп жазады Alash.KZ.
Жел күшейіп, найзағай ойнайды. Бұршақ күтіледі.
Оңтүстікте шаңды дауыл болжанады, ал солтүстікте түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.