Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бостандықта жүр»: Алматылық ер адамға енесін зорлады деген күдікке ілінді

17:47, 20 тамыз 2026

Алматыда ер адам 1961 жылы туған енесіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға жайлы «НеМолчи» қоры мәлімдеді. Қордың ақпараты бойынша, 17 тамыз күні күдікті шай ішуді сылтауратып, енесінің үйіне барған. Кейін ол әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қатысты жыныстық сипаттағы ауыр қылмыс жасаған.

Зардап шеккен тараптың отбасы дәл солай оқиға болған күні полицияға арызданған. Алайда арада үш күн өтсе де, жәбірленуші сот-медициналық сараптамадан өте алмаған. Бұған полиция қызметкерлері берген қаулының қате толтырылуы себеп болып, құжат сараптама орталығында қабылданбай кері қайтарылған.

Құқық қорғау қорына арызды зардап шеккен әйелдің қызы, яғни күдіктінің зайыбы түсірген. Жәбірленушінің туыстары күдіктінің әлі күнге дейін бостандықта жүргеніне шағымданып, Алматы қаласының прокуратурасынан бұл істі өз бақылауына алып, жағдайға шұғыл араласуды сұрайды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан бұл оқиғаға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берілген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар