Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күйеуі куәгер ретінде тіркелген": Меркідегі 19 жасар келіншектің қазасына қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

15:08, 20 тамыз 2026

Журналист Жан Ахмадиев Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында көз жұмған Мадинаның қайын жұртына арнайы барып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін марқұмның отбасы мен жақындары туралы деректер жинады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қоғам белсендісі оқиға туралы өз ойын ашына жеткізді:

"Мадинаны күйеуі барни тұрмақ, бір бөтелке Maxi чай үшін де ұрысқан дегенді естігенде төбе шашым тік тұрды. Сонда 19 жастағы қыздың көрген қорлығының бағасы бір тәтті мен бәр бөтелке сусын болғаны ма?

Елестетіңізші... Мадина бөтеннің дүниесін сұраған жоқ. Байлық талап еткен жоқ. Бірақ, осындай болмашы нәрсенің өзі оның отбасында жанжалға себеп болғаны айтылып отыр. Егер, бұл рас болса, меселе барниде де, Maxi чайда да емес. Мәселе адамға деген қарым-қатынаста. Бүгін Мадина арамызда жоқ. Сондықтан, оның көргенін, басынан өткергенін анықтау - міндетіміз. Бұл істің ақиқаты ашылуы керек. 

Жан Ахмадиев жариялаған видеода мәлім болғандай, Мадинаның күйеуі аталған қылмыстық істе "куәгер" мәртебесінде тіркелген екен.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Меркі ауданында 19 жасар келіншек жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Қоғамда өлім себебі күйеуінің “барни” мен “макси чай” үшін шығарған жанжалы болғаны айтылуда. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар