Жамбыл облысының Меркі ауданында жұмбақ жағдайда көз жұмған 18 жасар Мадинаның қазасына қатысты жаңа мәліметтер айтылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Марқұмның әпкесі істің көлеңкелі тұстарын жайып салды.
Қазір мен жуындырып шықтым. Басын былай кесіп тастаған. Тігіп тастаған. Былай басы жарылып жатыр. Оның басын жарып өлтірген. Бізге әділдік керек. Енесі мен екеуі ұрады екен. Екеулеп ұрып, солай жасаған. Олар өлтіріп тастаған. «Өзін асып жатыр» деп, өтіріктен видеоға түсіріп алған. Әйел адамның тұрысына ұқсамайды. Аяғы көрінбейді. Шелек пе, 5 литрлік бөтелке ме? Сондай затқа ұқсайды. Өзін асқан адамға ұқсамайды. Өзін асса, адамның аяғы былай тұрады. Өзін асқан болса, неге сол жерде тұрмайды? Неге бізге бірден айтпайды? Өтірік айтып, жасаған. Мен әділдік қалаймын. Менің сіңілімді өлтіріп отыр.