Белгілі педагог, мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан тақырыпта өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz.
Ұстаз Меркіде орын алған қаралы оқиға туралы жан тебіренерлік жазба жариялады.
19 жасар Мадинаның жағдайы есімнен шықпай қойды. Ана ретінде жүрегің қан жылайды, нәзік жанның еркелігін көтере алмайтын азаматтар көбейгені ме, мен әкемнің еркесі болдым, тұрмысқа 18 жасымда шықтым, әкем менің жолдасыма айтқаны есімде" мен сияқты еркелетесің, ақылсыз емес, бірақ еркелігі оның қалмайды" деген болатын. Кейде өмір сенің еркелігіңді көтере алмайды, тұрмыста басында бәрі күшті болып кетті дей алмаймын, біраз қиындықты еңсердік, ол үшін ер азамат намысты болуы керек. Намысы бар адам еңбекқор болады. Қыздардың табиғаты нәзік, әлсіз келеді. Алған жарыңызды бағалаңыздаршы, жігіттер… Ол сенің үйіңе өлу үшін бармайды.
Айта кетейік, Жамбыл облысы Меркі ауданында 19 жасар келіншек жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Қоғамда өлім себебі күйеуінің “барни” мен “макси чай” үшін шығарған жанжалы болғаны айтылуда.